Флебавен® (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Флебавен®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: тазартылған микрондалған флавоноидты фракция 500 мг (90% (450 мг) диосмин және гесперидинге шаққанда 10% (50 мг) басқа флавоноидтар),
қосымша заттар: микрокристаллды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, тальк, магний стеараты,
үлбірлі қабығы: жабын үшін қоспа (құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, пропиленгликоль, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172))
Сипаттамасы
Капсула тәріздес пішінді, ашық қызыл-сары-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы дөңес таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Капиллярлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар. Басқа препараттармен біріктірілген диосмин
АТХ коды С05СА53
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат организмде фенол қышқылдарына дейін биотрансформацияланады. Флебавен® организмнен негізінен ішек арқылы шығарылады. Бүйрекпен қабылданған дозаның 14% шығарылады. Жартылай шығарылу кезеғі (T1/2) 11 сағ. құрайды.
Фармакодинамика
Флебавен® вена тонусты және ангиопротекторлы әсер етеді. Венаның созылғыштығын төмендетеді, оның тонусын арттырады және венозды іркілуді азайтады; капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың резистенттілігін арттырады, микроциркуляцияны жақсартады; лимфалық дренажды жақсартады. Флебавен® препаратын жүйелі қолданған кезде табиғаты органикалық және функционалды аяқтардың созылмалы веноздық жеткіліксіздігінің, сондай-ақ геморрой ауруының клиникалық симптомдары айқындылығының төмендеуі байқалады.
Қолданылуы
- венозды-лимфалық жеткіліксіздікті симптоматикалық емдеу (аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну және құрысулар)
- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдар
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұсынылған доза күніне 2 таблетканы құрайды, күн ортасында 1 таблетка және тамақтану кезінде кешке 1 таблетка.
Геморройдың жедел ұстамасында: алғашқы 4 күнде күніне 6 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 3 рет), содан соң – келесі 3 күнде 4 таблеткадан (2 таблеткадан күніне 2 рет).
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.
Емдеудің орташа ұзақтығы 2-3 айды құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- колит
Сирек
- бас айналуы, бас ауыруы, жалпы дімкәстік
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Жиілігі анықталмаған
- іштің ауыруы
- беттің, еріннің, қабақтың ісінуі және Квинке ісінуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жоқ
Айрықша нұсқаулар
Геморройдың жедел ұстамаларында Флебавенды® қолдану аноректальді аймақтың басқа ауруларын арнайы емдеуді алмастырмайды. Препаратты қысқа курспен тағайындайды. Жүргізілген емдеу тиімсіз болған кезде қосымша тексеру және емді түзету жүргізген жөн. Препаратты веналық қанайналымның бұзылулары бар пациенттерге тағайындаған кезде оларға күнде ұзақ уақыт болудан, аяқта ұзақ уақыт тұрудан тартыну, дене салмағын төмендету және қан айналымын жақсартатын арнайы шұлықты кию қажеттігі туралы ескерту қажет.
Педиатрияда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік
Тәжірибелік зерттеулерде тератогендік әсері анықталған жоқ
Қазіргі уақытқа дейін препаратты жүкті әйелдерде қолданған кезде қандай да бір жағымсыз әсерлері туралы хабарланған жоқ.
Автокөлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Флебавен® автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
16 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2, 4 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«КРКА-РУС» ЖШҚ, Ресей
143500, Ресей, Мәскеу облысы, Истра қ., Москоская к., 50-үй
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка цеста 6, 8501 Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19, корпус 1б, 2-қабат, 207-кеңсе
тел.: + 7 (727) 311 08 09
факс: + 7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz